Таяу Шығыстағы ахуал: Иранға жасалған шабуылдан ядролық нысандарға қауіп төнді

Azattyq Rýhy

Иран мен Израиль арасында жағдай ушығып тұр

Таяу Шығыстағы ахуал: Иранға жасалған шабуылдан ядролық нысандарға қауіп төнді
Фото: BBC

МАГАТЭ Иранға жасалған соққыдан кейін ядролық нысандарға зақым келмегенін растады. Еуропалық көшбасшылар Иран мен Израиль арасындағы қақтығыстың одан әрі өршуіне жол бермеуге шақыруда. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Иранда ядролық инфрақұрылымның бірде-бір нысаны зақымданбаған. Бұл туралы Батыс баспасөзінде Израильдің Исфахан ауданында зымырандық шабуылдар жасағаны туралы хабардан кейін Иран Республикасының БАҚ өкілдері мәлімдеді. Дәл осы жерде бірнеше жарылыс тіркелді. Тегеранның мәліметінше, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері үш ұшқышсыз ұшақты анықтап, атып түсірген.

МАГАТЭ жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. Олар ядролық нысандарға зақым келмегенін растады.

«Шабуылдан ядролық нысандарға зақым келмегенін растаймыз. Иран Ислам Республикасында, әсіресе Исфаханда көптеген ядролық нысандар бар екенін білесіздер», - деді МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси.

Өткен демалыс күндері Иран Израиль мемлекетіне 300-ге жуық дрондар мен зымырандар ұшырғаннан кейін Израиль жауап қайтаруы мүмкін екені хабарланған. Иранның шабуылы да 1 сәуір күні Сириядағы Иран елшілігіне жасалған зымыран соққысына жауап ретінде жасалды. Израильдің соққысынан 12 адам қаза тапқан.

«Біз барлығымыз қазір және алдағы уақытта соғыс қимылдарының одан әрі өршуіне жол бермеуіміз керек және Германия Федеративтік Республикасы біздің достарымыз бен одақтастарымызбен бірге дәл осыны көздеп отыр», - деді Германия канцлері Олаф Шольц.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.