«Мұғалімдер гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр»: СҚО тұрғыны жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады

Фото: Polisia.kz

Петропавл тұрғыны жалған хабар таратқаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, WhatsApр чаттарда 27 жастағы азаматтың мектеп мұғалімдері гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр деген дауыстық хабарламасы тараған.

Мектеп директорының полицияға шағымынан соң тексеру жүргізіліп, ақпараттың жалған екендігі анықталды. Кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 АЕК - 36 920 теңге айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.