$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде жасырынып жүрген Ауғанстанның 7 азаматы ұсталды

Олар мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 

Ақтөбеде жасырынып жүрген Ауғанстанның 7 азаматы ұсталды
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Ақтөбеде жасырынып жүрген Ауғанстанның 7 азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментіне Астана қаласындағы университеттердің бірінде білім алып жүрген ауғанстандық жеті студенттің Ақтөбеде жасынып жүргені туралы хабарлама келген. Олардың оқудан шығарылғаны және өз елдеріне қайтарылуы тиіс екені белгілі болды.

Сондай-ақ, шекараны заңсыз кесіп өту арқылы Ресей Федерациясына баруға ниетті екендіктері анықталған. Полицейлер қонақ үйлер мен жатақханаларды және жалдамалы баспаналарды тексерді. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген азаматтар жалға алынған пәтерлердің бірінен табылды.

Шетелдіктер полицияға жеткізіліп, олардан жауап алынды. Енді елордалық құқық қорғаушыларға беріледі. Ұсталғандардың жасы 19 бен 29 аралығында.

Серіктес жаңалықтары