18.04.2024, 07:27
Жаңалықтар
«Көлікті мас күйде жүргізген»: СҚО-да мемқызметші 6 айға сотталды
Ол мас күйде рульге ие бола алмай жол апатын жасаған
Фото: istockphoto.com
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында көлікті мас күйде жүргізіп ұсталған мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, оқиға 20 наурызда болған. Мемлекеттік қызметші көлікті мас күйде басқарып, рульге ие бола алмай жол апатын жасаған. Салдарынан қасындағы жолаушы зардап шекті.
Істі Тимирязев аудандық соты қарады. Ол өз кінәсін мойындамағанымен, мемлекеттік айыптау қылмысын дәлелдеді. Сот прокуратураның пікірімен келісіп, оны 6 айға бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды