Антикордың атын жамылып, жалған ақпарат тарататын алаяқтар пайда болды

Автор: Azattyq Rýhy

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандықтарға алаяқтық туралы ескертті

Фото: istockphoto.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство мәліметінше, мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар пайда болған.

«Жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз.

Осындай фактілер болған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.