Ұлттық қауіпсіздік қызметі нарықтан 800 келі есірткі тәркіледі

Azattyq Rýhy

Осынша көлемдегі есірткінің "қара нарықтағы" бағасы 5 млрд теңгеден асады 

Ұлттық қауіпсіздік қызметі нарықтан 800 келі есірткі тәркіледі
Фото: ҰҚК

2024 жыдың бірінші тоқсанында Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз есірткі айналымын тоқтату үшін 53 операция жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Операцияның қорытындысы бойынша 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі жеткізу арнасы, сондай-ақ 10 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды.

«Жалпы айналымнан 800 келіден астам есірткі мен психотроптық заттар, 4 тонна көкнәр шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 10 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды. Есірткі құны «қара нарықта» 5 млрд теңгеден аса бағаланады», - деп хабарланған ҰҚК ресми сайтында.

ҰҚК сондай-ақ халықаралық есірткі айналымына қатысы бар деген күдік бойынша 72 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлап отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.