$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл елімізде бес су қоймасының құрылысы басталады

Сондай-ақ еліміздегі жұмыс істеп тұрған 15 су қоймасына реконструкция жасалады

Биыл елімізде бес су қоймасының құрылысы басталады
Фото: primeminister.kz

Елді мекендерді су тасқынынан қорғау және тасқын суды жинау мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі 20 су қоймасын салады, оның бесеуінің құрылысы биыл басталмақ. Жаңа су қоймалары 11 облыста салынады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомсвтоға сілтема жасап.

«Бес су қоймасының құрылысын биыл бастау жоспарланып отыр. Жаңа су қоймалары суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға ұлғайтуға және 137 мың тұрғыны бар 70 елді мекенді су басу қаупін азайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ еліміздегі жұмыс істеп тұрған 15 су қоймасына реконструкция жасалады. Бұл 70 мың адам тұратын 64 елді мекенді су басу қаупін азайтуға, сондай-ақ 74 мың га суармалы жерге су беруді жақсартуға мүмкіндік береді», - деді ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Қазіргі уақытта СҚО-да су тасқыны жалғасып жатыр, БҚО-да Иреклі су қоймасынан жіберілген су Қазақстан шекарасына әзірге жеткен жоқ. Бұл су 15-20 сәуірде келеді деп күтіліп отыр.

Шығыс Қазақстан облысында үш ірі су қоймасының орташа су жинау көлемі 84,8%. Өңірде су тасқыны басталды, сондықтан Ертіс су қоймаларының каскады бойынша су жіберіліп жатыр.

Қазгидрометтің мәліметінше, Жабай өзенінің реттелмейтін ағыны артып келеді. Сондықтан Ақмола облысының Атбасар ауданында су тасқыны қаупі бар.

«Министрлік, өңір әкімдігі және ТЖД қауіптің алдын алу үшін белсенді жұмыс істеп жатыр», - деді Мөлдір Әбдуалиева.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасы 97%-ға толды. Өңірдегі жағдай тұрақты.

Министрлік мамандары тасқын суын апатсыз өткізу және оны жинау жұмыстарын қадағалауда.

Серіктес жаңалықтары