$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.04.2020, 10:38
Жаңалықтар

Тәжікстанда коронавируспен әлі бірде-бір адам ауырмаған

Ел билігі шекараны дер кезінде жапқан

Тәжікстанда коронавируспен әлі бірде-бір адам ауырмаған

Өзбекстандағы оба, карантин және аса қауіпті жұқпалы инфекциялардың алдын алу жөніндегі республикалық орталықтың зертхана меңгерушісі Маруфжон Мадаминов елге коронавирустың әліге дейін келмеуінің себебін түсіндірді деп жазады Sputnik Тәжікстан.

Ғалымның пікірінше, Тәжікстан коронавирусқа қарсы қорғану шараларын өте ерте қабылдап, шекарадағы жүрісті алдын ала шектеген. Нәтижесінде, әлемді жайлаған елге індет келмеген.

Маруфжон Мадаминов

«Бұл менің жеке пікірім, ол басқа сарапшылардың ойымен сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ Тәжікстан адамдардың шекарадағы қозғалысына шектеу шараларын өте ерте бастады», - деді Маруфжон Мадаминов.

Оның айтуынша, ел билігі кез келген жағдайға дайын болған. Ол өз елі Өзбекстанды да мысал ретінде келтіріп, коронавирус пандемиясы басталғанға дейін арнайы қабылданған шараларды атап өтті.

«Үкімет сарапшыларға осы инфекциямен қалай күресетініміз туралы стратегия негіздерін дайындауды тапсырды. Президенттің (Шавкат Мирзиёев - ред) жаңа қауіп-қатерге қарсы комитет құру туралы бағдарламасы іске қосылды», - деді Мадаминов.

Айта кетейік, көрші Өзбекстандағы жағдай Қазақстанмен шамалас, бұл мемлекетте қауіпті індетпен ауырғандарыдң саны 1300-ден асты. COVID-19 инфекциясын әлемде екі миллионнан аса адам жұқтырып, оның жүз он мыңнан астамы қайтыс болды. Ал Қазақстанда соңғы мәлімет бойынша 1470 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, 17 адам бақилық болды.

Серіктес жаңалықтары