17.04.2020, 10:17
Жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 68 адам тіркелді
Қауіпті инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 1470-ке жетіп отыр
17 сәуір сағат 10:05-гі жағдай бойынша елімізде COVID-19 вирусын жұқтырған тағы 68 адам тіркелді деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Ауырғандардың көбі Алматы тұрғындары – 44 жағдай. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда – 2, Шымкентте – 1, Қызылорда облысында – 9, Түркістан облысында – 2, Батыс Қазақстан облысында – 4, Атырау облысында – 1, Павлодар облысында – 2 және Қарағанды облысында 3 адамнан коронавирус анықталған.
Осылайша, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1470-ке жетті.
- Алматы – 461
- Нұр-Сұлтан – 328
- Қызылорда облысы – 143
- Қарағанды облысы – 87
- Ақмола облысы – 81
- Атырау облысы – 72
- Жамбыл облысы – 53
- Түркістан облысы – 55
- Шымкент – 46
- СҚО – 29
- Алматы облысы – 29
- БҚО – 30
- Ақтөбе облысы – 14
- Павлодар облысы – 15
- Маңғыстау облысы – 12
- ШҚО – 8
- Қостанай облысы – 7
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың 277-сі ауруынан айығып шықты. 17 адам қайтыс болған.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 11:29
Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)