$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында Жангелді ауданының эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне орала бастады

Сондай-ақ облыста залалды бағалау комиссиясы жұмыс істейді

Қостанай облысында Жангелді ауданының эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне орала бастады
Фото: Қостанай облысы әкімдігі

Қостанай облысының оңтүстігінде су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындары үйлеріне оралуда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жангелді ауданындағы үш ауылдың (Тауш, Көлқамыс, Аралбай) тұрғындары эвакуациялау пункттерінен тікұшақпен үйлеріне жеткізілді.

Тентексай ауылының тағы төрт отбасы қазір Жаркөл ауылында. Жергілікті билік оларға баспана беріп, барлық қажетті заттармен қамтамасыз еткен.

«Торғай ауылындағы эвакуациялық пункттердегі барлығы 600-ден астам адам ауылдарына оралып, эвакуациялық орталықтар жабылды. Жергілікті билік аталған ауыл тұрғындарына тікұшақпен азық-түлік, киім-кешек сияқты қажетті заттарды жеткізіп берді. Бұл көмек көлік қатынасы қалпына келгенше ауылдарға тұрақты түрде жеткізілетін болады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ облыста залалды бағалау комиссиясы жұмыс істейді. Жангелді ауданы бойынша бүгінгі күні келтірілген зиянды өтеу туралы 58 өтініш келіп түскен.

Бұған қоса, 50 АЕК көлемінде әлеуметтік өтемақы төленді. 8 сәуірдегі жағдай бойынша 32 зардап шегушіге 5,9 млн теңге әлеуметтік көмек берілді.

Комиссияның жұмысы жалғасуда.

Жалпы, өңірдегі жағдай тұрақты.

Серіктес жаңалықтары