17 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Жұма күні Қазақстанда күн ашық болады
17 сәуірде Қазақстанда күн ашық болады, тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жауын жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Орталығы Қарағанды облысында орналасқан антициклон жотасының әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысына Финляндия аймағынан циклонның жырасы жылжиды, соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Кей жердерде тұман, желдің күшеюі, батыста шаңды дауылмен, бұршақ күтіледі», - деп жазылған хабарламада.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ күтіледі, жел түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Түркістан, Қостанай, күндіз Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетелі, Атырау облысында шаңды дауыл соғады.
Ақтөбе облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында жел 18 м/с күшейеді