07.04.2024, 23:21
Жаңалықтар
Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз – ДСМ
Министрлік су тасқыны кезіндегі сақтық шараларын ұсынды
Фото: ТЖМ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында тұрғындарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ДСМ тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу үшін бірқатар ережерді ұстануды ұсынады:
- Ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз;
- Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз;
- Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны үшін қол жетпейтін жерлерде сақтаңыз;
- Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендеуден, тамақ дайындаудан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз;
- Су тасқынынан кейін барлық бөлмелерді дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз;
- Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), бұл туралы дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды