Олар ауруханаға жатқызылып, хаттамаға сәйкес ем алуда
Елордадағы қарттар үйіндегі 18 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Нұр-Сұлтан қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес медициналық және әлеуметтік мекемелердің палаталары мен қызметкерлерін тексеру жұмыстары жүргізілуде. Соған сәйкес «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 380 адам тексеріліп, олардың (306 тұрып жатқан адам мен 74 қызметкер) 18-нен коронавирус анықталды. Олар ауруханаға жатқызылып, хаттамаға сәйкес ем алуда», - дейді Сәуле Қисықова онлайн брифингте.
Оның айтуынша, елордада екі күн ішінде 34 адамнан коронавинус анықталды.