07.04.2024, 15:43
Жаңалықтар
Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды
Өңір әкімі қаулыға қол қойды
Фото: ҚР ТЖМ
Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңірде төтенше жағдай жариялау туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
- «Атырау облысында табиғи төтенше жағдай жариялансын.
- Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары төтенше табиғи жағдайды жою басқармасының басшысы болып тағайындалсын және төтенше табиғи жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген «Ашық НҚА» интернет-ресурсындағы хабарламаның мәтінінде.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
