$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бес облыстағы республикалық жолдарда қозғалыс шектелді

Бүгін үш облыстағы 6 жол учаскесін су басты

Бес облыстағы республикалық жолдарда қозғалыс шектелді
Фото: istockphoto.com

«ҚазАвтоЖол»  ҰК» АҚ еліміздің бес облысындағы республикалық маңызы бар тас жолдарда көлік қозғалысы шектелгендігін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған мекеме баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 сәуірде сағат 15:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының күрт жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан үш облыста (Атырау, Қарағанды, Қостанай) 6 жол учаскесін су басты.

Сондай-ақ төрт облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар бес тас жолда (ұзындығы 336 км) ішінара шектеу енгізілді.

«Сағат 16:00 шамасында еріген қар суының салдарынан Маңғыстау облысы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» тас жолының 210-220 шақырымында (Атырау облысының шекарасы-Боранқұл ауылы учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары