$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл моноқалаларды дамытуға қанша қаражат бөлінеді

Қазіргі уақытта Қазақстанда 20 моноқала бар

Биыл моноқалаларды дамытуға қанша қаражат бөлінеді
Фото: Балқаш қаласының әкімдігі

2024 жылы моноқалаларды дамытуға 62,8 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Оның ішінде 31,2 млрд теңгесі республикалық бюджеттен алынады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкіметте баяндады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 20 моноқала бар. Онда 1,4 млн адам тұрады.

Министрдің айтуынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша елдің өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 40% осы қалаларға тиесілі.

«Экономиканың нақты секторын дамыту және инфрақұрылымдық мәселелерін жүйелі шешу мақсатында Алтай, Балқаш, Жітіқара, Лисаков, Риддер, Степногорск қалаларын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарлары бекітілді. Кешенді жоспарларда өнеркәсіп объектілерін, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдық нысандарын салуға 456,6 млрд теңгеге 326 іс-шара көзделген. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 37 іс-шара орындалды, 131-і бойынша іске асыру басталды. Моноқалаларды қаржыландыруға тоқтала кетсек, мүдделі орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың әкімдіктері тарапынан инфрақұрылымды дамытуға жыл сайын тұрақты түрде қаражат бөлінеді. Осылайша, 2019-2023 жылдар аралығында 348,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 184 млрд теңге», - деді министр.

Ол моноқалалардың экономикасын әртараптандыру және экономиканың шикізаттық емес секторларында баламалы өндірістер құру шеңберінде 10 мыңға жуық жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 1,4 трлн теңгеге 41 «зәкірлік» жоба іске асырылып жатқанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары