Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен 7 жергілікті тұрғынды эвакуациялады
Ақтөбе облысындағы су тасқыны аймағынан адамдарды әскери тікұшақтармен эвакуациялау жүріп жатыр. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының күшімен Қорғаныс министрлігімен бірлесіп кезекті арнайы операция өтті.
«Есіл ауданының Көптоғай ауылдық округінің су басқан аймағынан құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен 7 жергілікті тұрғынды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.