$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әскери ұшқыштар су тасқыны болған өңірлерге 10 тоннадан аса гуманитарлық көмек жеткізді

Құтқару жұмыстары Ақтөбе, Қостанай және Абай облыстарында жүргізіліп жатыр

Әскери ұшқыштар су тасқыны болған өңірлерге 10 тоннадан аса гуманитарлық көмек жеткізді

Әскери ұшқыштар дағдарыс аймақтарына 10 тоннадан аса гуманитарлық көмек жеткізді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері тікұшақтарының экипаждары жергілікті халықты құтқаруға, азық-түлік, жылы киімдер мен бірінші кезекте қажетті заттарды жеткізуді жалғастыруда.

Құтқару жұмыстары Ақтөбе, Қостанай және Абай облыстарында жүргізіліп жатыр.

30 наурызда әскери ұшқыштар 38 мәрте ұшу жасады. Жалпы ұшу 15 сағаттан астам уақытты құрады. Осы аралықта 222 адам эвакуацияланды.

Табиғи апат аудандарына салмағы мың келі апаттан құтқару мүлкі мен төтенше жағдайлар қызметінің 19 маманы жеткізілді. Эвакуациялық пункттерге 10 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жеткізіліп, түсірілді.

Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы тәулік бойы экстремалды жағдайда жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта құтқару шараларына 7 тікұшақ жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары