30.03.2024, 20:42
Жаңалықтар
Шымкент әуежайы 1 сәуірден бастап күндізгі уақытта жұмыс істемейді
Осы уақытта ұшу-қону жолағы жөнделеді
Фото: airserver.kz
Шымкент әуежайы 1 сәуір мен 3 мамыр аралығында сағат 10:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істемейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осы уақытта ұшу-қону жолағы жөнделеді.
Әуежай ұшу кестесінің өзгеруіне байланысты жолаушыларға әуежайдың ақпараттық қызметінен рейс туралы мәліметті тексеруді ескертті.
«Әуежайға барар жолда да жол жұмыстары жүріп жатыр. Жол жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушылар әуежайға алдын ала баруы керек. Ал кептеліс болмас үшін көліктеріңізді жаңа терминалдың тұрағына қалдырыңыз», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді