ҚМА Қайрат Боранбаевтың активтеріне қатысты мәлімдеме жасады

Автор: Мира Байбек

Ведомство өкілдері тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды

Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Кей жекелеген БАҚ өкілдерінің Қайрат Боранбаевтың мемлекет пайдасына активтерді беруінің жалғандығы туралы таратқан ақпараты шындыққа жанаспайды,. Қаржылық мониторинг агенттігі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жарияланған ақпараттарға сай активтерді мемлекеттік органдардың балансына беру процесі аяқталды. Екі нысан бойынша қайта тіркеу рәсімі өтуде», - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.