$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында кәсіпкер ет сатушыларға жалған анықтама беріп келген

Небәрі 3 жыл ішінде осындай 850 анықтама берілген

Ақмола облысында кәсіпкер ет сатушыларға жалған анықтама беріп келген
Фото: freepik.com

Ақмола облысында ет өнімдерін сатуға жалған ветеринарлық анықтамалар берудің жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атбасар ауданының қаладағы мал сою пунктінің ветеринариялық зертханасының қызметінде, мал өнімдері мен шикізатына ветеринарлы-санитариялық сараптама жүргізу кезінде талаптардың сақталуы мәселесі бойынша тексеру жүргізді.

«Анықталғандай, жергілікті кәсіпкер ветеринария саласындағы қызметке мемлекеттік лицензиясына ие бола, зертханалық зерттеулер жүргізбестен ішкі сауда объектілерінде және басқа жерлерде сатылатын ет шикізатының сәйкестігі туралы ветеринариялық анықтамалар берген.

Небәрі 3 жыл ішінде кәсіпкер осындай 850 анықтама берген, яғни сауда нүктелерінің сөрелеріне ондаған тонна зерттелмеген ауыл шаруашылығы жануарларының еті түсті. Соның салдарынан шектелмеген адамдар қатарының өмірі мен денсаулығына қауіп төнді», - делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған факт бойынша уәкілетті органдарға заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді, қарау нәтижелері бойынша кінәлі тұлға, 6 ай мерзіміне лицензияның қолданылуын тоқтатумен, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, аталған кәсіпкердің алдағы жарты жылда мұндай анықтамалар беруге құқығы шектелді.  

Серіктес жаңалықтары