Көпірге контейнерлік кеме соғылған
АҚШ-тың шығысындағы Балтимор қаласында көпір опырылып, соның салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
NBC News телеарнасының хабарлауынша, Brawner Builders компаниясының атқарушы вице-президенті Джеффри Прицкер апаттан бір адамның аман қалған мәлімдеді.
Балтимордағы Фрэнсис Скотт-Кей көпіріне («Кей көпірі)» 26 наурызда жергілікті уақыт бойынша 01:19-да Сингапур туымен жүзіп келе жатқан «Дали» контейнерлік кемесі соғылып, соның салдарынан көпір бір мезетте түгелдей қирап қалған.
Әлеуметтік желіде көпірдің құлаған сәті түсірілген видео тарады. Онда қатты соққыдан көпір тіреуіштері қирап, артынша көпірдегі бірнеше көліктің металл конструкциясымен бірге суға құлағанын көруге болады.
Мэриленд штатының губернаторы Уэс Мур аймақта төтенше жағдай жариялады.