Маңғыстау облысында инвесторлардың құқығы қорғалды
Әкімдік қойма салмақ болған инвесторға тиісті құжаттар бермей келген
Маңғыстау облысының прокуратурасы инвестордың құқығын қорғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомствоның мәліметінше, прокуратура органдары инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр.
«Фронт-офис жұмысы шеңберінде «GATIN group» ЖШС-і инвесторына құрылыс материалдарын сақтауға арналған қоймалар салудың сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден негізсіз бас тарту дерегі анықталды. Инвестиция сомасы 250 млн теңге құрайды», - делінген хабарламада.
Ақтау қаласы әкімінің атына енгізілген қадағалау актісінен кейін аталған заңбұзушылықтар жойылып, инвесторға құрылыстың рұқсат құжаттары берілді.
Қазіргі уақытта жобаны іске асыруға 40 млн теңгеден астам қаржы инвестицияланды.