Алтай Көлгінов Қазақстанның Эстониядағы елшісі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Алтай Көлгінов Қазақстанның Эстониядағы елшісі болып тағайындалды
Фото: gov.kz

Алтай Көлгінов Қазақстанның Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Алтай Сейдірұлы 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 

2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен. 

2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады. 

2008-2010 жылдары - «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары. 

2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 

2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды. 

2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

2019 жылдың 13 маусымында Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.

2022 жылы ҚР Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

2023 жылғы ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.