Жағабұлақ ауылында аулаларды су басып, 74 адамэвакуацияланды
Ақтөбе облысында Жем өзені тасуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мұғалжар ауданындағы Жағабұлақ ауылында қардың еруі мен жауын-шашынның көп түсуіне байланысты екі аула учаскесін су басып, Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілу қаупі туындады.
74 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды, медициналық көмек қажет болмады», — деп жазылған хабарламада.