Дархан Дүйсебай турнирдің жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдеге мүмкіндігі бар
Қазақстандық боксшы Дархан Дүйсебай Бакуде (Азербайжан) өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Ширек финалда 71 келіге дейінгі салмақта Дүйсебай жергілікті боксшы Наби Искандаровпен кездесіп, оны төрешілер шешімімен ұтты.
Осылайша Дархан Дүйсебай турнирдің жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдеге мүмкіндігі бар.