Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмысы жүріп жатыр
Мердігер ұйымдармен жоспарлы алдын алу жұмыстары бойынша алғашқы жиын өтті

Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ПҚОП ЖШС) бүгін жоспарлы алдын алу жұмысы басталды. Бұл туралы Azattyq Ruhy «ҚазМұнайГаздың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жұмыс кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңды орындау мақсатында және ҚР Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
«Зауытта жұмыс басталған уақытта ішкі нарыққа мұнай өнімдерін біркелкі тиеп жөнелту үшін барлық өнім желісінің жеткілікті қоры жинақталды. Бұл ретте Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде отын өндіруді жалғастырады.
ПҚОП-та жұмылдырылған мердігер ұйымдармен жоспарлы алдын алу жұмыстары бойынша алғашқы жиын өтті. Зауыт басшылығы жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау және жұмыс процесін тиімді жоспарлау міндеттерін қойды», - делінген компанияның хабарламасында.