Олар ауруханаға жеткізілді
Абай облысында 2 пәтерлі тұрғын үйден алапат өрт шығып, 2 адам құтқарылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, бүгін сағат 09:55-те Семей қаласында 2 пәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, содан кейін үйдің жалпы шатырына көшті.
«Өрттің алдын ала ауданы – 120 ш.м. ТЖД күшімен үйді жалға алушы 1977 жылы туған әйел және оның 2009 жылы туған қызы құтқарылып, ауруханаға жеткізілді.
Сағат 10:24-те өрт оқшауланды. Сағат 10:56-да өрт жойылды. Өрттің себебі анықталып жатыр.
ТЖД жеке құрамынан 18 адам және 3 бірлік техникасы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.