Кем дегенде 121 адам зардап шеккен
Ресейдің Мәскеу қаласындағы «Крокус Сити Холлда» болған терактіде қаза тапқандар саны 115 адамға жетті. Бұл туралы Azattyq Ruhy тілшісі RBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Іздеу жұмысы жалғасып жатыр», - делінген тергеу комитетінің хабарламасында.
Қаза тапқандардан бөлек кем дегенде 121 адам зардап шеккен.
Айта кетейік, 22 наурызда Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холлда» болған шабуылдан бастапқыда 40 адам қаза тапқаны хабарланса, артынша олардың саны 60-қа жеткені белгілі болды. Бұл туралы РФ Тергеу комитетінің баспасөз қызметі өзінің Telegram-арнасында мәлім етті.
Мәскеуде болған қанды шабуылды көп ұзамай ИГИЛ содырлар ұйымы өз мойнына алғаны хабарланды.