Мамандар тиісті ережелерді ұсынды
Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Наурыз мейрамында мерекелік дастархан дәмді, бірақ әдетте зиянды, майлы, қорытуға қиын тағамдарға толы. Егер санитарлық талаптар сақталмаса, тамақтан улану түрінде жағымсыз салдар туындауы мүмкін. Эпидемиологтар тамақтан уланудың алдын алу шараларымен бөлісті. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Тамақтан уланған кезде дене қызуының жоғарылауы, жүрек айнуы, құсу, диарея, асқазанның ауыруы, сусыздану сияқты белгілер пайда болады», – деп ескертті департаментте.
Наурыздың дәстүрлі сусыны – көже. Ол жеті тағамнан тұратын көп компонентті тағам. Сонымен қатар, көже – сақтау мен сатудың ерекше жағдайларын қажет ететін тез бұзылатын өнім болып табылады.
Мерекелік іс-шаралар кезінде тамақтан уланудың және инфекциялық аурулардың алдын алу үшін бірқатар ережені есте сақтау қажет:
Жоғарыда аталған барлық ұсыныстарды орындай отырып өткір ішек инфекцияларынан, тамақтан уланудан және әртүрлі интоксикация аурулар түрлерін болдырмауға көмектеседі.
Ауырсыну мен уланудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек.