$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында тасжол су астында қалды

Жағдайды қалыпқа келтіру үшін 10 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды

Алматы облысында тасжол су астында қалды
Фото: Катонқарағай ауданы әкімінің жеке парақшасы

2024 жылғы 21 наурызда сағат 21:00 шамасында күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Кеген-Нарынкөл тас жолының 60 км (40 м) және 72 км (40 м) (Қайнар және Текес ауылы, Райымбек ауданы, IV санат) жол бөлігінде су тасқыны болды. Бұл туралы Azattyq Ruhy «ҚазАвтоЖол» мекемесі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мекеменің хабарлауынша, жалпы су ағынының ұзындығы 80 м, ал биіктігі 10 см құрады. Көрсетілген учаскеге диаметрі 1 м болатын су өткізгіш құбыр орнатылды. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін 10 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды.

«Қазіргі уақытта еріген суды ағызу, уақытша жол белгілерін орнату және жол бөлігін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жол тәулік бойы бақылауға алынды. Жол қозғалысына шектеулер жоқ»,-делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары