СҚО-да екі жасөспірім қарт кісіні өрттен құтқарып қалды

Azattyq Rýhy

Денесінің 20% күйіп, иіс тиіп уланған 68 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды

СҚО-да екі жасөспірім қарт кісіні өрттен құтқарып қалды
Фото: СҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Солтүстік Қазақстан облысының Шағалалы елді мекенінде тұрғын үй өртке оранып, бір адамды күйік шалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада Аққайың ауданы Шағалалы елді мекеніндегі екі қабатты тұрғын үйден өрт шыққандығы туралы хабар 21 наурыз сағат 13.47 минут кеткенде келгені айтылған.

Елді мекен мен жақын маңдағы өрт сөндіру бекетінің арасы 55 км. Мамандар келгенше өртті «СКОС» ЖШС ерікті өрт сөндіру құрылымы сөндірді.

Ал осы ауылдағы орта мектептің екі оқушысы – 16 жастағы Константин Антропов пен 15 жастағы Станислав Петерс пәтер иесін құтқарып қалды.

Денесінің 20% күйіп, иіс тиіп уланған 68 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа.

Алдын ала болжам бойынша, өрт пешті дұрыс қолданбаудан шыққан.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.