21.03.2024, 23:45
Жаңалықтар
Қарағанды облысында ауылдағы үйге іргелес ауланы қар суы басты
ТЖД мен ЖАО еріген суды сорып, ағызу жұмыстарын жүргізуде
Фото: freepik.com
Қарағанды облысында ауылдағы үйге іргелес ауланы қар суы басты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 21 наурыз сағат 20:30-да Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ғабиден Мұстафин ауылында қардың еруі нәтижесінде үйге іргелес аумақтың аула аумағын және гаражды су басты.
«Тұрғын үй-жайларды су басқан жоқ. Басқа тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ. ТЖД мен ЖАО еріген суды сорып, ағызу жұмыстарын жүргізуде», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында ТЖД, ЖАО 5 адамы, 3 техникасы жұмылдырылды.
Көп оқылған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды