$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT» өкілдері елорданың су тасқынына дайындығын тексерді

Мамандардың айтуынша, елорданы су басу қаупі өте төмен

«AMANAT» өкілдері елорданың су тасқынына дайындығын тексерді
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

«AMANAT» партиясының мүшелері Астана қаласының алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығымен танысты. Партиялықтар Есіл өзенінің тасқын суынан қорғау бөгетінің жай-күйін тексерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нысан Ақмола облысындағы Целиноград және Аршалы аудандарының, Күйгенжар кенті мен Майбалық көлінің оңтүстік жағалауының аумағына дейін орналасқан.

«Жалпы, Астана су қоймасының сыйымдылығы 410,9 млн текше метрді құрайды. «Нұра-Есіл» және «Майбалық» арналары қардан тазартылды. Мамандардың айтуынша, елорданы су басу қаупі өте төмен», - делінген хабарламда.

Сонымен қатар шаһардағы партиялық бақылау комиссиясы Астана қаласы әкімдігі өкілдерінің су тасқыны маусымына дайындығы туралы баяндамасын тыңдады. Қыс айлары басталғалы бері коммуналдық қызметтер елорда аумағынан 4,4 млн текше метр қар шығарды.

Қаладағы Төтенше жағдайлар департаментінде 500-ден астам қызметкер, сондай-ақ 150-ден астам техника, 3 жүзу құралы, 65 мотопомпа және 3 ұшқышсыз ұшу құралы сақадай сай тұр.

Серіктес жаңалықтары