Самат Әбішке қатысты сот үкімі шықты – депутат

Azattyq Rýhy

Ол 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған

Самат Әбішке қатысты сот үкімі шықты – депутат
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы депутат Ермұрат Бәпи Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутаттың жазбасына сүйенсек, Самат Әбіш 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған. 

«26 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды», – делінген жазбада. 

Еске сала кетейік, Самат Әбіш ұсталған ҰҚК экс-басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер болды. Өткен жылғы шілдеде ҰҚК одан куәгер ретінде жауап алынғанын хабарлады, бірақ Ұлттық қауіпсіздік органдары Әбішке қатысты қылмыстық іс тіркеген жоқ, сондай-ақ оған қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалмады.

Осы жылдың қаңтар айында Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты іс сотқа берілгенін хабарлады. Онда мемлекеттік құпиялар бар, сондықтан тергеу деректері жария етілмейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.