19.03.2024, 14:07
Жаңалықтар
Газа секторында қаза тапқан балалар саны 13000-нан асып кетті
Ресми дерек бойынша, соғыс 31000-нан астам адамның өмірін жалмады
Фото: REUTERS
Газа секторында Израиль шабуылынан қаза тапқан балалар саны 13000-нан асып кетті. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Reuters-ке сілтеме жасап.
БҰҰ 7 қазанда Израиль – ХАМАС соғысы басталғалы Газада 13000-нан астам бала мен кем дегенде 9000 әйел қаза тапты деп хабарлады.
Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Израильдің Газа секторына жасаған әскери шабуылынан кейін 2,3 миллион тұрғын бас сауғалап, босып кетті. Халық аштыққа ұшырады, Газаның көп бөлігі жермен-жексен болды.
Соғыс 31000-нан астам адамның өмірін жалмады.
Көп оқылған
28.08.2026, 11:05
Шұғыл: Қазақстан Үкіметі өкілеттігін тоқтатты
28.08.2026, 13:02
Ұзынағашта ерлер дәретханасынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды
28.08.2026, 16:16
Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап, ауласындағы алма ағашына жасырып қойған (ВИДЕО)