$ 538.33  626.99  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда 6 айлық сәби SIM-карта жұтып қойған

Оны дәрігерлер құтқарып қалды

Атырауда 6 айлық сәби SIM-карта жұтып қойған
Фото: freepik.com

Атырауда 6 айлық сәби ұялы телефонның SIM-картасын жұтып қойған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы дәрігерлерінің шапшаңдығының арқасында сәби тірі қалды.

Анасының қасында отырған балақай бірден жөтеле бастайды. Мұны көре сала анасы жедел жәрдем станциясына хабарласып, мән-жайды түсіндіреді. Диспетчер тез арада телефон байланысын дәрігер-кеңесшінің пультіне ауыстырады.

«Дәрігер-кеңесші Гүлнәз Қырықбаева баланың туыстарына алгоритм бойынша «қоңырауды ұстап тұру» әдісімен қадамдық іс-қимыл жасау жөнінде кеңес берді. Телефон арқылы алғашқы медициналық көмек көрсетуді айтып отырған кеңесші-дәрігердің арқасында баланың өміріне қауіп төнбеді. Дәрігердің нақты нұсқауы бойынша туыстары телефон арқылы бөгде затты өздері шығарып алды», - деді облыстық Жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Баймолдаева.

Мұнан соң «103» бригадасы келіп, балаға медициналық көмек көрсетті.

Серіктес жаңалықтары