Ауғанстанда 18 жылға созылған соғыс нәтижесінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны рекордтық көрсеткішке жетті
Ауғанстанның Нангархар провинциясында мешіт жарылды. Губернатордың баспасөз қызметі хабарлағандай, жарылысты жанкешті ұйымдастырғаны немесе бомбалаудың басқа түрі болғаны әзіре белгісіз, деп жазады The Guardian.
Басылымның хабарлауынша, шабуылды Талибан да, Ислам мемлекеті де мойнына алған жоқ.
БҰҰ жариялаған баяндамада биылғы жылдың тоғыз айында Ауғанстанда 2563 бейбіт тұрғын қаза тауып, 5676 адам жараланғаны жазылған. Осы айдың басында Ауғанстандағы 18 жылдық соғысты тоқтату туралы келіссөздер қайта жандандырылған еді. Дегенмен, америкалық әскердің өлімінен кейін Дональд Трамп келіссөздерді тоқтатты.