19.10.2019, 03:47
Жаңалықтар
Ұлттық банк автонесие бағдарламасына 20 млрд теңге бөлді
Бағдарлама аясында халық отандық автокөліктерді сатып ала алады
kapital.kz
Қазақстанның Ұлттық банкі отандық автоөндірісті қолдауға 20 млрд теңге бөлді. Бұл қаржы отандық жеңіл автокөлікті несиеге беру бағдарламасына бағытталады, деп жазады Kapital.kz.
Екінші деңгейлі банктер Қазақстан даму банкі арқылы 14,5 млрд теңге көлеміндегі алғашқы траншты алды. Ақша Халық банкі (4 млрд теңге), Сбербанк (7,5 млрд теңге) пен ВТБ Банкке (3 млрд теңге) берілді.
Ұлттық банк отандық жеңіл автокөліктерді несиелеу бағдарламасын 31 мамыр күні бекітті. Бағдарлама аясында автонесиеге 5 жыл бойы жылына 20 млрд теңге бөлінеді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
