КХДР Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымырандарын ұшырды

Azattyq Rýhy

Жапонияның Жағалау күзеті зымыранның суға құлағанын хабарлады

КХДР Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымырандарын ұшырды
Фото: yna.co.kr

КХДР Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымырандарын ұшырды. Бұл туралы Yonhap басылымы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Басылымда нақтыланғандай, зымырандар Сеул мен Вашингтонның бірлескен жаттығуларынан бірнеше күн өткеннен кейін ұшырылды.

Жапонияның Жағалау күзеті зымыранның суға құлағанын хабарлады. Бұл қарудың қысқа диапазонда болғанын көрсетуі мүмкін. Кейінірек ведомство екінші зымыранның ұшырылуы мен құлауы туралы хабарлады.

Киодо агенттігі екі зымыранның да Жапонияның экономикалық аймағынан тыс құлағанын нақтылайды.

Бұған дейін Корея Республикасы мен АҚШ-тың Freedom Shield бірлескен жаттығулары өткізілгені туралы хабарланған болатын. Оқу-жаттығуға байқаушы ретінде БҰҰ қолбасшылығына мүше 12 елдің өкілдері қатысты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.