Жарылған мұздың жалпы көлемі 29 000 текше метрді құрады
Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында өзендегі мұздарды жару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің мәліметіне сәйкес, 17 наурызда Малеевск, Зубовск кентінің ауданындағы Бұқтырма өзенінде мұзды ұсақтау жүргізілген. Жарылған мұздың жалпы көлемі 29 000 текше метрді құрады.
«Мұзды қопсыту мұз алқабын едәуір әлсіретуге және тасқын суларды өткізу кезеңінде өзендерде кептелістердің пайда болу мүмкіндігін азайтуға мүмкіндік береді», - ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.