$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК 18 наурызға арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстан аумағындағы ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжамды жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«ҚР басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, атап айтқанда, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі сынды ортақ табиғи құбылыс байқалады, ал батыс өңірде көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады деп күтіледі», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары