17.03.2024, 15:58
Жаңалықтар
Алматыда автокөлік ағашқа соғылып, жүргізушісі қаза болды
Оқиға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді
Фото: istockphoto.com
Алматыда Mitsubishi көлігі ағашқа соғылып, жүргізушісі көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Ruhy қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, жол апаты 17 наурызда шамамен сағат таңғы сағат 05:10-да Сейфуллин даңғылында болған.
«Mitsubishi көлігінің жүргізушісі 1985 жылы туған азамат Ж.,Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, Мақатаев көшесінің қиылысында рульге ие бола алмай ағашқа соғылды. Алған жарақатынан жүргізуші қаза тапты. Бір жолаушы зардап шекті», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған оқиға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті