Павлодар облысында арнайы жүйе арқылы алимент төлемегендер анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Арнайы жүйе жыл басынан бері Павлодар қаласы бойынша осындай 17 көлікті анықтаған

Фото: freepik.com

Павлодар облысында алимент бойынша 2 млн теңгедей қарызы бар ер адам анықталды. Ақылды жүйе оның көлігінің жүруіне тыйым салынғанын анықтаған. Бұл туралы Azattyq Ruhy өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қорғау» жүйесі тыйым салынған көліктерді анықтап, белгі береді. Жүйе орнатылған полиция көлігі көшені патрульдеу кезінде ВАЗ-21150 автомашинасын тізгіндеп жүрген заң бұзушыны анықтады. Көлік құралының иесі 2 млн теңгеге жуық алимент қарызын төлемей келген. Ал көліктің жүруіне тыйым салынған. Сот шешімінен жалтарып жүрген азамат тоқтатылып, көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Ер адам борышын толық өтегенше сонда тұрады», - деп мәлімдеді өңірлік ПД.

Арнайы жүйе жыл басынан бері Павлодар қаласы бойынша осындай 17 көлікті анықтаған. Олардың иелері жалпы сомасы 10 млн теңге қарыз екен.