Қосымша пойыздарға билеттерді сату 5 наурызда басталды
«Наурыз мейрамы» кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша үш пойыз енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қосымша поездар келесі бағыттар бойынша қатынайды:
-№201/202 «Астана-Алматы» жолаушылар пойызы бойынша 4 рейс енгізіледі: Астанадан 18, 20, 22, 24 наурызда сағат 22:00-де жөнелтіліп, Алматыға 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 17:20-да келеді, кері бағытта Алматыдан 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 21:00-де жөнелтіліп, Астанаға 20, 22, 24, 26 наурыз сағат 16:10-да келеді;
-№203/204 «Астана-Шымкент» жолаушылар пойызы бойынша 3 рейс енгізіледі: Астанадан 17, 20, 23 наурызда сағат 22:37-де жөнелтіліп, Шымкентке 19, 22, 25 наурызда сағат 22:52-де келеді, кері бағытта Шымкенттен 19, 22, 25 наурызда сағат 0:25-те жөнелтіліп, Астанаға 20, 23, 26 наурызда сағат 0:27-де келеді;
-№205/206 «Ақтөбе-Шымкент» жолаушылар пойызы бойынша 2 рейс енгізіледі: Ақтөбеден 20, 23 наурызда сағат 18:15-те жөнелтіліп, Шымкентке 21, 24 наурызда сағат 19:55-те келеді, кері бағытта Шымкенттен 21, 24 наурызда сағат 22:20-да жөнелтіліп, Ақтөбеге 23, 26 наурыз сағат 01:02-де келеді.
Сонымен қатар, Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар пойыздарына, әсіресе тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 237 қосымша вагон қосылады.
Солтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:
Батыс аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:
Оңтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:
Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттар бойынша қосымша электр пойыздары қосылады:
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша пойыздарға билеттерді сату 5 наурызда басталды. Билеттерді bilet.railways.kz сайты және билет кассалары арқылы сатып алуға болады.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі, «KTZH_PP_BOT» бот жеделхаттары, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады.