$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Батыс Қазақстан облысында 147 елдімекенді су басуы мүмкін - ТЖД

Биыл Жайыққа жоғарыдан көп су келуі мүмкін деген болжам бар

Батыс Қазақстан облысында 147 елдімекенді су басуы мүмкін - ТЖД
Фото: freepik.com

Батыс Қазақстан облысында 147 елдімекенді су басу қаупі бар. Сондықтан қарғын су шаюы мүмкін тасжолдардың 49 бөлігі бақылауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Су бұру арналары мен су өткізу құбырлары салынды. Тасқынның алдын алу үшін барлық аудан мен қала көшелерінен қар шығарылып, арықтар аршылып жатыр. Биыл Жайыққа жоғарыдан көп су келуі мүмкін деген болжам бар. Шыңғырлау, Шежін, Деркөл, Шаған, Өлеңті, Шідерті өзендерінде су көлемі мол. Биыл он жылдан кейін мұз жару іс-шарасы қолға алынды. Он күнде қала мен бес аудандағы өзендердің 26 бөлігінде мұз жарылды. Бұған облыстық бюджеттен 35 млн теңге бөлінген, деп жазады qazaqstan.tv.

«Алда күтіліп отырған ағын судың болжамы барлық өзенде нормадан көп болып отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш нормадан төмен болатын. Алайда су ағыны көп болғанымен, қазір қардың қалыңдығы, жер тоңы, басқа да гидрометеорологиялық көрсеткіштер төмен болып отыр», - деді облыстық ТЖД басқармасының бас маманы Азамат Исмайлов.

Серіктес жаңалықтары