Семей көшелерін еріген қар суы басып қалды

Автор: Мира Байбек

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысының Семей қаласында бірнеше көшені су басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

«ЖАО күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, «Теплокомэнерго» МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды», - делінген хабарламада.

Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді. Арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды.

«Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалды. Жұмыстарға ЖАО, ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылды. Еріген суды сору жұмыстары аяқталды», - делінген ведомство хабарламасында.

ЖАО және ТЖД күштерімен қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізіліп жатыр.