Абай облысының Мақаншы ауданындағы ахуал: тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ
Аймақта су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қазіргі уақытта Мақаншы ауданының Бақты ауылында жергілікті атқарушы органдардың күшімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 300-ден астам қаптар қойылды, бөгет жағалауы бойымен 400 тоннаға жуық көлемде инертті материалмен үйінді төселді.
«Су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда мониторинг және жедел әрекет ету үшін Абай облысының ТЖД жеке құрамның 12 адамы, 7 бірлік техника (жүзу құралдары мен мотопомпалар) күштері мен құралдары орналасқан. Оқиға орнында ЖАО-дан 40-тан астам адам, жергілікті халықтан 70-ке жуық адам және 18 бірлік техника жұмыс атқарып жатыр», - делінген хабарламада.
Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.
Жағдай бақылауда.