03.03.2024, 17:18
Жаңалықтар
«Суықта үсіп өлген»: Қостанайда түн ішінде ауруханадан шығып кеткен зейнеткердің денесі табылды
Аталған факті бойынша сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото: freepik.com
Қостанайда 68 жастағы тұрғынның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол суықта үсіп өлген. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департаменттің хабарлауынша, зейнеткер әйел 29 ақпан күні түн ішінде қалалық ауруханадан шығып кетіп, үйіне оралмаған.
Оны іздеуге полицияның жеке құрамы мен еріктілер және кейбір Қостанай тұрғындары жұмылдырылған. Сол күні кешкі сағат 19:30 кезінде Станционная көшесі маңынан денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің денесі табылды. Аталған факті бойынша сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды