Қалған учаскелер бойынша сотқа талап-арыз берілді
Абай облысында шекара маңындағы 11 мың гектар жер заңсыз берілгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аудандық прокуратура мен жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінен мал шаруашылығын жүргізу үшін 11 мың гектар жердің заңсыз берілгенін анықтады. Қазіргі уақытта барлық мән-жай тексерілуде», - деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда Үржар ауданы прокурорының ұсынумен 9,2 млн теңгеге 7,8 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды. Қалған учаскелер бойынша сотқа талап-арыз берілді.